Аққайың ауданындағы Астраханка мен Аралағаш ауылдары арасында көлік апаты жиі болады. Бұл – полиция қызметкерлерінің пікірі. Себебі, трассада бұрылыс көп екен. Биыл осы қос елді мекеннің ортасында 4 оқыс оқиға болып, 11 адам зардап шекккен. Аталған аралық – облыста көлік ең көп жүретін аумақ болып саналады. Тәртіп сақшылары жүргізушілер үшін әлеуметтік желі бейнеролик жүктеп, “Астана – Петропавл” автожолының авариялық қауіпті учаскелері туралы түсіндіріп өтті.
ЖОМАРТ ТАСБАЕВ, СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы:
– Бүгін біз халықты ақпараттандырудың жаңа форматын қолданудамыз. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыстық ПД баспасөз қызметімен бірлесіп әлеуметтік желіге арналған бейнеролик түсіруде. Онда қызмет инспекторлары трассаның ең қиын, қауіпті учаскелері туралы әңгімелеп береді. Бұл ролик жүргізушілерге облыс бойынша саяхаттау кезінде пайдалы болады деп үміттенеміз.
Жыл басынан бері облыста республикалық маңызы бар автожолдарда 26 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 62 адам жарақат алды.
Гульден Симбаева