Бескөл ауылындағы орталық қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс маусымның 20-сы бастау алған. Елді мекенде 8 қазандық бар, оның 3-еуі биыл толығымен жөнделеді. Сондай-ақ, нысандағы электр қозғалтқыштар мен жылу алмастырғыштар ауыстырылады. Жалпы, қазандықтың барлық механикалық бөлігі жаңартылуда. Жылумен қамтушы жүйе 2012 жылы орнатылған. Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шақубаевтың айтуынша,
қазандықты әр 5 жыл сайын жөндеуден өткізу керек.
ҚУАНДЫҚ ШАҚУБАЕВ, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
– Қазір жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатырмыз. Облыстық бюджеттен қарастырылған қаражатқа сәйкес қосымша сорғылар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бескөл ауылындағы орталық қазандық 140-қа жуық нысанды жылумен қамтиды. Абоненттер саны 1300-ді құрайды. 20-дан астам бюджеттік ұйым бар.
Жөндеу жұмыстары тамыздың 20-сына таман аяқталуы тиіс. Қазандыққа №3 Бескөл орта мектебін қосу жоспарланып отыр.
ҚАНАТ НҰРЫШЕВ, №3 Бескөл орта мектебі директорының орынбасары:
– Жылыту орталығына қосылмақшымыз. Жылы болады деп үміттенеміз. Қыста қиын болды. От жағатын адам болмады.
№3 Бескөл орта мектебі 3 жыл бұрын ашылған. Онда 400-ге жуық оқушы бар.
Гульден Симбаева