Қалада Жұмысшы кентінің жолдары жөнделіп жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары 4 бірдей көшеде атқарылуда. Олар: Панфилов, Украин, Побелянский және Космодемьянская көшелері. Іске жауапты мердігер -«Новинтех» серіктестігі. Аталған кенттегі 4 бағытты қалыпқа келтіруге облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп отыр. Қала тұрғыны Наталья Бондарьдің айтуынша Жұмысшы кентінде бұрын-соңды жөндеу жұмысы жасалмаған.
НАТАЛЬЯ БОНДАРЬ, қала тұрғыны:
– Менің Жұмысшы кентінде тұрып жатқаныма көп болды. Осында келгелі көшелер бірінші рет жөнделіп жатыр.
Жұмысшы кентіндегі жол жөндеу жұмыстары тамыздың 1-іне дейін аяқталуы тиіс.
ВИГЕН МЕЛКОНЯН, «Новинтех» ЖШС өкілі:
– Біз тек жоба бойынша жұмыс істейміз. Панфилов көшесіндегі асфальттің ені – 7 метр, ал Космодемьянская көшесінде 5 метрді құрайды. Көшенің кеңдігі осыған дейін қандай болды, сол аралықты сақтапжатырмыз. Бәрі кесте бойынша жүріп жатыр. Қалыс қалу жоқ.
Биыл Петропавлда барлығы 30-ға жуық көше жөнделуі тиіс. Соның төртеуінің жабындысы ауыстырылды.
Гульден Симбаева