Еліміздегі мектептерді отандық жиһазбен жабдықтау туралы қаулы шықпақ. Құжатта білім ұясындағы жиһаз «Самұрық-Қазына» қоры мен
отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген компаниялардан ғана сатып алынатындығы туралы жазылған. Заңға сәйкес елімізде жиһаздың баламасы бола тұра шетелдік затты сатып алған жағдайда айыппұл салынады. Сондай-ақ, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында еліміздің 20 өңірінде арнайы жиһаз комиссиялары құрылды. Олардың мақсаты – қажеттілікті зерделеп, өндірістік әлеуетті бағалап, жайлы мектептер үшін сапалы жиһаз жасай алатын отандық кәсіпорындарды анықтау. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша елімізде 134 отандық жиһаз өндіруші кәсіпорын анықталды.
Акжунис Мухатай