Құқық қорғау органдары

“Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Полиция қызметкерлері 3 күн бойы жүргізген жедел-алдын алу шарасының қорытындысын жариялады. Мамандардың айтуынша, бұндай шаралар түзу жолдан тайған адамды тәртіпке шақыруға септеседі.
Бірге тұратын ер адаммен қосылып ішетін петропавлдық әйел бірнеше рет жауапкершілікке тартылыпты. Екі баласына жөнді қарамай келген әйелге қатысты түсіндіру шарасы жүргізілді. Ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түріп, қазір ішімдік ішпейді. Жұмысқа орналасқан, үйіне жөндеу жұмысын жасағалы жатыр. Рейд барысында барлығы – кәмелетке толмаған 7 бала мен тұрмыс салты нашар 18 отбасы анықталып, есепке қойылды.

Оңалбек Әбдікәрімов, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы:

– Іс-шара барысында ІІО-да тіркеуде тұрған аз қамтылған отбасылар мен кәмелетке толмағандар мекен-жайы бойынша тексерілуде. Тексеріс барысында бала тәрбиесімен айналыспау фактілері анықталған жағдайда ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары – ПД басшылығының жеке бақылауында.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ювеналды полицейлер барлығы – 152 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Ең жиі кездесетіні – жасөспірімдердің түнгі уақыттағы қыдырыстары. Мұндай 113 факті тіркелген.