Қоғам

Отбасының цифрлық картасы арқылы 180 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет алды

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 453,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданған. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 180,3 мыңнан астам адам пайдаланыпты. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,7 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Жалпы, елімізде ОЦК енгізудегі басты мақсат – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.