Аймақ басшысы Айдарбек Сапаров облыстық жедел медициналық көмек орталығының жұмысымен танысты. Мұндағы мамандар күні-түні еңбек етеді. Өңірдің әр бұрышынан түскен қоңырауды қабылдап, шұғыл мәселемен танысады, шешім қабылдайды.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық көмек орталығы директорының міндетін атқарушы:
– В день у нас сейчас поступает порядка 450-500 вызовов. А в год 170-180 тысяч вызовов. Задержек у нас нет.
Жедел медициналық көмек қызметіндегі мамандар өте білікті болуы керек. Оқиға орнына алғаш жетіп, жәрдем беретіндіктен олар ұдайы шеберлік шыңдайды. Ал жұмысқа қабылданар кезде қатаң іріктеуден өтеді.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық көмек орталығы директорының міндетін атқарушы:
– У нас много оценок. В этом году было порядка 30 кандидатов. Взяли только трёх.
Облыстық жедел медициналық көмек орталығына арнайы келген аймақ басшысы өзекті мәселелерді сұрады. Проблемалар баршылық. Біріншісі, өткен ғасырдың басында салынған нысанның іші тар. Қызметкерлер мен қондырғылардың барлығы сыймағандықтан қазір мекеме басшылығы қаланың өзге ауданынан нысан жалдауға мәжбүр.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Сіз денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен бірлесіп, ұсыныс әзірлеңіз. Мүмкін басқа нысанды сатып алып, жөндеу жүргізу немесе жаңадан ғимарат тұрғызу керек шығар. Мәселені қарастырамыз.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық көмек орталығы директорының міндетін атқарушы:
– Мынандай жақсы ұсынысымыз бар. Біз денсаулық сақтау басқармасы басшылығымен бірге бұрынғы троллейбус паркінде болдық. Нысан көңілімізден шықты. Әкімшілік нысанның іші кең. 35 көлікке арналған гараж да бар. Бұл нұсқа бізге өте ұнады.
Қазіргі таңда облыстық жедел медициналық көмек орталығында 55 көлік бар. Соның 20-дан астамы Петропавлда шақыртуларға барады. Өкінішке қарай, олардың барлығы қыста жылы орында тұрмайды. Бұл – аймақ басшысына айтылған екінші мәселе.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық көмек орталығы директорының міндетін атқарушы:
– Мына гаражға 12 көлік қана сыйады. Ал бізде 22 машина бар. Қыстыгүні көліктерді мүлде сөндірмейміз десек те болады. Сонымен қатар, бізде қызметтік темір тұлпарларды жуатын және жөндейтін арнайы орындар жоқ.
Орталықпен танысу соңында аймақ басшысы Айдарбек Сапаров мәселе жақын арада қаралып, тиімді шешім қабылданатынын айтты.
Байболат Култанов