Қоғам

Тұрақтандыру қорына 136 тонна күріш жеткізілді

Облыстық тұрақтандыру қорына екі вагон күріш сатып алынды. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» өкілдері қызылордалық күріш өндіруші кәсіпорынмен меморандумға отырды.
Алдағы уақыта Қызылорда облысынан тағы 2 вагон өнім жеткізу жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдарға барлығы – 204 тонна күріш сатып алынған. Қазір қоймаларда 90 тоннаға жуық күріш бар. Оның 70 тоннасы – супермаркеттерге, қалғаны тұрақтандыру қорының 7 нүктесіне арналған. Сауда желілерінде күріштің бір келісіне белгіленген баға 315 теңгені құраса, тұрақтандыру қорынан ұсынылатын өнім 300 теңге тұрады. Тауар түрі қорға тұрғындардың үш айлық қажеттілігіне қарай сатып алынып отырады. Өңір тұрғындары бір жылда 336 тонна күріш тұтынады.

 

Гульден Симбаева