Қазақстанда терроризм туралы жалған хабар таратқандар үшін жаза қатаңдатылады. Өзгеріс оқу жылының басында күшіне енбек. Полицейлердің сөзінше, көбіне мұндай заң бұзушылыққа жасөспірімдер барады. Соңында “әзілкеш” бала емес, ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар 17 млн теңге көлемінде айыппұл арқалайды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге сотталуы мүмкін.
Байболат Култанов