Құқық қорғау органдары

Тергеу әрекетінің жаңа форматы енгізілді

Облыс полицейлері жұмыс барысына тергеу әрекеттерінің жаңа форматын енгізді. Наурыздың 17-сі қылмыстық іс жүргізу саласындағы адам құқықтары туралы ҚР Заңына қол қойылды. Сонымен қатар, тергеу бөлімшелеріне хаттаманың қысқаша түріне көшуге мүмкіндік беретін өзгерістер де енгізілді. Қылмыстық процеске қатысты адамдардың айғақтары толығымен бейнежазбаға жазылып, хаттамада іс үшін маңызы бар мәліметтер ғана қысқаша баяндалатын болады. Егер тұрғындардың толықтырулары болса, олар қысқаша хаттамада көрсетіледі. Мамандар бұл форматпен жұмыс істеудің нәтижесінде тергеу барысына кететін уақыт үнемделеді дейді. Осы жаңашылдық негізінде 50-ден астам тергеу жүргізіліп, 7-еуі бойынша үкім шығарылды.

 

Акжунис Мухатай