Қоғам

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары қызмет құнын көтереді

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары тарифтерін қымбаттатқалы жатыр. Тамыздың 8-інен Activ-тің төлемі жаңартылатыны туралы хабарлама жарияланды. Tele2 мен Altel өкілдері тарифтерінің көтерілуі экономикалық жағдайға байланысты екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, тамыздың 1-інен “Қазақтелеком” АҚ-ы да кейбір тарифтерінің бағасын көтергелі отыр. Ал Beeline абоненттері үшін 5 бес тарифтік жоспардың құны тамыздың 15-інен өзгереді.

 

Гульден Симбаева