Облыстық білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мақсаты – педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету. Ұйым 10 бұрын құрылған. 10 жылдың ішінде айтарлықтай мол тәжірибелері қалыптасты. Ел бойынша “Үздік орталық” атануы – соған дәлел. Бүгін мамандар Қозыбаев университетінде өткен семинарда өзге өңірдегі әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті.
БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, облыстық әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары:
– Маусым айында республикалық деңгейде білім басқармаларының мониторингі жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша біз ең “Үздік орталық” болдық. Енді бүгін осы тәжірибемен, нәтижемен бөлісеміз. 10 жылдың ішінде түрлі іс-шаралар атқарылды. Мысалы, мектепішілік бақылау жүргізілді.
Семинарға Қостанай және Абай облыстарының әдістемелік қызметтерінің өкілдері қатысып жатыр. Олар өз ұйымдарының жұмыс сапасын жақсарту үшін жаңа тәжірибені меңгеруге әзір.
АЙДАР АБДУХАМИТОВ, Абай облысының білім басқармасы инновациялық әдістемелік орталығының бөлімі басшысы:
– Абай облысындағы әдістемелік орталық 7 ай бұрын құрылды. Бүгін міне озық тәжірибе тарататын СҚО әдістемелік орталығының жұмысын көру – біз үшін зор мәртебе.
Меймандардың да айтары бар. Абай облысындағы бейінді орталықтың бөлім басшысы Айдар Абдухамитовтың айтуынша, олар өздерінде ата-аналар институтын дамытуға ықпал ететін жобаны қолға алып жатыр.
АЙДАР АБДУХАМИТОВ, Абай облысының білім басқармасы иновациялық әдістемелік орталығының бөлім басшысы:
– Инновациялық жобаның бірі ата-аналар институты деп аталады. Біз осы жобаны іске асырып жатырмыз. Ата-аналар 4 кезеңнен өтеді. Яғни ол балдырған, орта буын, бастауыш және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Қашықтықтан және офлайн түрінде өткізіледі.
Семинарға онлайн түрде 100-ден астам маман қатысты.
Гульден Симбаева