Облыста жиі кездесетін алаяқтық әдіс – “банктен қоңырау шалу”.
Қулар адамға хабарласып, өздерін жаны ашыған банк қызметкері ретінде таныстырады. Біреу сізді алдағалы жатыр, қорғаймын, құтқарамын деп қақпанға түсіреді. Содан аңғал жан немесе барынша абай жүрсе де, бірақ бәрібір алданып қалған адам өзінің қалай кредит алып қойғанын білмей қалады. Сол арада қарызға рәсімделген қаржы құмға сіңген судай жоқ болып кетеді. Облыста жыл басынан бері 350-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді. 100-ден астамы “бактен қоңырау шалу” арқылы жасалған. Бір жағдайда келген шығын тіпті 16 млн теңгеден асып жығылыпты. Бұл былтырғыға қарағанда сәл азайғаны дейді мамандар. Өткен жылы 400-ден астам факті тіркелген екен. Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар қаңтардан бері 42 мың жаднама таратқан.
Акжунис Мухатай