СҚО әкімдігі

Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Бұл – облыс әкіміне Красная Поляна ауылының тұрғындарынан келіп түскен шағымдардың бірі. “Жол мәселесі, сумен жабдықтау және көлік қатынасының болмауы – халықтың ауылдан көшуінің негізгі себебі”-, дейді Айдарбек Сапаров. Аймақ басшысы осы мәселелерді шешумен шұғыл айналысуды, атап айтқанда, елді мекеннен автобусты іске қосуды тапсырды. Келесі жылы мектеп пен мәдениет үйі жөнделеді. Бірақ, ауылға су жақын арада жетуі тиіс.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Красная Поляна ауылдық округі назардан тыс қалмайды. Мен уәде еткендей, біз барлық сұрақтарды шешеміз. Яғни, бұл – мәдениет үйі мен мектеп. Менің ойымша, жол мәселесін де жоспарлы түрде шешеміз.

Елді мекен тұрғындарын дәріхананың жоқтығы алаңдатқан еді. Енді бұл мәселе шешіліп, медициналық пункттің ішінен дәріхана ашылды. Бұдан бөлек, Тайынша орталық аудандық аурухана бүгінде көпсалалы ауданаралық ауруханаға ауыстырылуда.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Кардиохирургиялық бөлімше, нейрохирургиялық бөлімше, травматология ашылады. Мұнда жоғары мамандандырылған медициналық қызметтер, яғни кардиохирургиялық, нейрохирургиялық операциялар көрсетілетін болады.

Облыс әкімі тұрғындар арасында өз ісін ашып, оны дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру жұмысын күшейтуді тапсырды. Кейін облыс әкімі құрылыс алаңында тұрғындармен кездесті. Бұл баспананы жергілікті кәсіпкер өз жұмысшыларына салып жатыр. Юрий Красноголовый өзінің туған жері Красная Поляна ауылына барлық жағынан қолдау көрсетеді. Мәселен, мұндай жаңа үйлер бірнеше жылдан бері алғаш рет салынып жатыр.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, “Зеленые луга” ЖШС директоры, “Таң” ШҚ директоры, Тайынша ауданы:

– Биыл іргетасын қалаймыз, күзге дейін қабырғалары мен шатырын қоюға болады. Ал келесі жылы ішкі және сыртқы әрлеумен айналысамыз. Үй сумен қамтамасыз етіледі. Ішінде пеш, жуынатын бөлме, сонымен қатар, әр үйде гараж болады. Тұрғындарға отын, көмір және шағын шаруашылық сақтауға болатын жапсыра салынған ғимарат салуды жоспарлап отырмыз.

Бұдан кейін облыс әкімі кәсіпкердің тауарлы-сүт фермасына барды. Онда 350 голштино-фриз тұқымы бар. Олар күн сайын 7 жарым мың тонна сүт береді. Көп ұзамай өндіріс көлемі артуы тиіс. Өйткені, кәсіпорынды кеңейту жоспарда бар. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, “Зеленые луга ” ЖШС-де 70 адам жұмыс істейді.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, “Зеленые луга” ЖШС, “Таң” ШҚ директоры, Тайынша ауданы:

– Қазіргі уақытта 280 бас сауылады. Орташа тәуліктік сүт мөлшері – 28 литр, одан да көп болды. Жоспарда тағы 350 бас ферманы іске қосу. Онда тағы 15 жұмыс орны ашылады. Барлық механизатор, жүргізушілер кеңейтілетінін ескере отырып жиналды. Адамдар бар, жалғыз сұрақ жемшөпке қатысты болып тұр. Жоғарыда айтқандай, ол шешілуі тиіс.

Кәсіпкер мал шаруашылығымен қатар өсімдік шаруашылығымен де айналысады. Картопты тамшылатып суару арқылы өсірілетін алқапқа облыс әкімі де барды. Жұмыс сапарында жергілікті фермерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өндіріс жеткілікті болса, баға да қалыпты болады. Сол себепті, кәсіпкерлер қарақұмық, сәбіз және қырыққабат сияқты көкөніс өсірумен айналысулары керек. Бізде су қоймасы бар, жақын жерде өзен бар, ал адамдар тек астықпен айналысады. Сол жерден суды тартып, тамшылатып суарумен айналысу керек немесе жаңбыр жауғызатын қондырғыларды орнатуға болады. Әртараптандырумен айналысу керек.

Айта кету керек, биылғы жылы ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмық 3 есе, картоп, қырыққабат және сәбіз 2 есе көп отырғызылған. Жасымық, күнбағыс және қышаның егістік алқаптары ұлғайтылып отыр. “Мұның бәрі тауар бағасына оң әсер етеді”-, дейді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Ағымдағы жылы егіс алқабының құрылымы 4,5 млн гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың гектарға көп. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 3,2 млн гектар, майлы дақылдар – 960 мың гектар, 353 мың гектар – жемшөп, картоп – 34 мың, көкөністер – 6,2 мың гектар.

Өткен жылы “Таң” ШҚ тамшылатып суаруды қолдана отырып картоп өсірген. 30 гектардан бастап, жақсы нәтиже көрсеткен. Енді бұл жүйе 100 гектар аумақта қолданылып отыр.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, “Зеленые луга” ЖШС, “Таң” ШҚ директоры, Тайынша ауданы:

– Бізге Голландиядан 10 сорт 19 тонна элиталық тұқымдар әкелінді. Міне, біз оны салдық, сортты сынау бойынша тәжірибе жүргізіп жатырмыз. Біз гектарына 28-30 тоннаға дейін алдық. Тамшылатып суару кезінде 40-тан 50 тоннаға дейін, тіпті осындай ауа райы жағдайында да алуға болады. Біз тек өсімдік және мал шаруашылығымен айналысып қана қоймай, ауылдың белгілі бір деңгейге сәйкес келуін, біздің ұжым жақсы жалақы алып қана қоймай, тиісті жағдайда өмір сүруін қалаймыз.

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов “Бұл кәсіпкер өте адал және одан үлгі алу керек”,- дейді. “Серіктестікте және ШҚ-да өз бизнесін жүргізіп қана қоймай, халық алдында әлеуметтік жауапкершілікті де көрсетуі тиіс, өйткені бірлескен жұмыс кезінде ғана халықтың өмір сүру сапасын арттыруға болады”,- деді аудан әкімі.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, Тайынша ауданының әкімі:

– Жастарды ауылда ұстау, жаңа жұмыс орындарын құру, бұл біздің фермерлердің қолында. Сондықтан жолдарды, әлеуметтік мәдениет нысандарын, сумен жабдықтауды, балалар алаңдарын жөндеуге назар аудару қажет. Мұның бәрі ауылды дамытуға мүмкіндік береді. Ауылда үй салу да маңызды фактор.

Красная Поляна ауылында барлығы 1254 адам тұрады. Шамамен 40% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Тайынша ауданында барлығы 155 ЖШС, 297 ШҚ және ФҚ бар.

 

Гульден Симбаева