Спорт

Құтқарушылар арасында облыстық турнир бастау алды

Облыс орталығында облыстық ТЖД бастығының кубогына арналған шағын футболдан турнир бастау алды. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен 6 команда қатысады. Дода 2 күнге созылады.

Бірінші болып ортаға ақмолалық пен қызылжарлық құтқарушылар шықты. Қос құрама да осал емес. Оны ойын барысынан байқауға болды. Бірақ, уақыт өте келе қонақтардың шапшаңдығы еселей түсті. Осы қарқынмен меймандар теріскейліктерді шаң қақтырды. Ақмолалықтар қызылжарлық құтқарушылардың қақпасына 5 гол соқты. Есеп: 1 де 5. Көрші облыстың мамандары жеңіске жетті.

БАҚЫТЖАН КЕКЕНОВ, турнирге қатысушы, Ақмола облысы:

– Қарыластарымыз жақсы дайындалыпты. Шаршап қалдым. Еден сырғанақтау екен. Алда Қарағанды облысымен ойнаймыз. Жігіттермен жаттығып тұрамыз.

Келесі болып Қарағанды мен Қостанай облысының құтқарушылары
сынға түседі. Айта кетейік, мамандардың арасындағы дода жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

НИКОЛАЙ БЕЛОУСОВ, СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Әр өңірдің құтқарушылары бүгінгі жарысқа жақсы дайындықпен келген. Жалпы, 50-ден астам маман өз өнерін көрсетеді. Шағын футбол – шапшаңдықты қажет ететін ойынның бір түрі.

Турнир ертең аяқталады. Жүлдегерлер медаль және грамотамен марпатталады.

 

Гульден Симбаева