ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі Комиссияның отырысын өткізді, онда бұрын жеке меншікке берілген жоғары білім саласындағы активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдарға құжаттар мен шарттардың жасалу заңдылығына тексеру жүргізу тапсырылды. Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған мекемелерде оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды, себебі инициативті тексеру студенттерге немесе жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне қатысты емес.
Отырыс барысында теміржол көлігі саласында бірқатар монополияға қарсы шараларды іске асыру мәселесі де қаралды.