Спорт

Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті

Алматыда 16 мен 17 жастағы ұл-қыздардың арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты додаға облысымыздың намысын қорғап 15 спортшы барды. Солардың арасындағы Вадим Агаев 1500 метрге жүгіруде 1-ші орынды қанжығасына байласа, Антонина Чернышова ұзындыққа секіріп, 2-ші орынға тұрақтады. Ал Елена Берлина 200 м қашықтыққа жүгіруде 3-ші орыннан көрінді. Көпсайыста өзін көрсете білген Николай Райковский – 2-ші орында. Нәтижесінде өңір қоржыны 3 қола, 2 күміс және 1 алтынмен толықты.

 

Акжунис Мухатай