Елімізде некеге тұру рәсімі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына берілді. Бұған дейін бұл іспен жергілікті әкімдік айналысқан болатын. Өзгеріс жайлы кезекті брифинг барысында айтылды.
СЕРІК БЕЙСЕНОВ, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:
– 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап облысымыздың жергілікті атқарушы органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының құрамына АХАТ-тың 14 бөлімшесі берілді. Оның 13-і – аудандық, біреуі – қалалық бөлімше.
Қалалық бөлімше Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекенжайы бойынша орналасқан. Яғни, әлі де Әділет департаменті қабырғасында қалып отыр. Бірақ, биыл халыққа қызмет көрсету орталығына көшірілмек. Мұнда көпшілік сұранысындағы неке қию залы пайда болады.
СЕРІК БЕЙСЕНОВ, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:
– Әуезов көшесі бойында орналасқан 157 үйде салтанат залы бар. Қазір ол жерде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері отыр. Олар нысанды босатады. Біз жөндеу жасаймыз. Биыл Петропавлда салтанат залы пайда болады деп ойлаймын.
Салтанат залы безендіріледі. Қажетті құрал-жабдықтармен де жарақтандырылады. Мұнда тіпті фото-видео қызметін ұсынушы мамандар да болмақ.
Байболат Култанов