СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдау өткізді

Облыс әкімінің қабылдауына бірінші болып Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылының тұрғыны Балхадиша Хаержанова қызы Рымкул Пайзиевамен бірге келді. 11 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ананың былтыр үйі өртке оранған. Сол уақыттан бері баспанасыз жүрген олар өңір басшысынан аудан орталығынан үй беруін сұрап келіпті.

РЫМКҮЛ ПАЙЗИЕВА, М.Жұмабаев ауданының тұрғыны:

– Бір жыл бұрын үйіміз күйіп кетті. Дым қалмады. Айттың үшінші күні, айт шалар күні түсте жанды да кетті. Шешемнің өзін бала бәрін алып шықтық.Аллаға шүкір, кісі өлімі тіркелген жоқ. Енді бір жылдан асты үйлері жоқ. үй алайын десе бәрі қымбат. Мен қызымын. Либяжькада тұрамын. Менің үйім кішкентай, сонда тұрып жатырмыз енді.

Заңға байланысты үйі жанып кеткен тұрғындарға мемлекет тарапынан баспана берілмейді. Бірақ, бұл үйілмендерге бюджеттен және демеушілерден 700 мың теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров көпбалалы ананың өтінішін назарда ұстап, Мағжан Жұмабаев ауданының әкіміне тапсырма беруге уәде етті. Екінші болып аймақ басшысының қабылдауына 86 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны Валентина Кузьмина келді. Ол Парковая 175 мекенжайы бойынша тұрады. Кейуананың айтуынша, құжаттар бойынша оның үйі 1962 жылы сырылып кеткен. Алайда…

ВАЛЕНТИНА КУЗЬМИНА, қала тұрғыны:

– Бұл – менің қайын енемнің үйі. Ол қайтыс болғаннан соң, жолдасым екеуміз сонда тұрдық. 2000 жылы жолдасым көз жұмды. Кейін бұл баспананы мен өз атыма аудардым. Бірақ, біздің үйіміз №472 бұйрық бойынша сырылуы тиіс еді. Алайда, сырылмады. Үйіміздің әбден тозығы жеткен.

Әкімдік мамандарының сөзіне қарағанда, Валентина Кузьминаның үйі тозған үйдің қатарында. Бірақ, сырылатын баспаналар тізіміне енбеген. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін облыс әкімі Айдарбек Сапаров зейнеткермен бірге қала әкімі Серік Мұхамедиевті аталған мекенжайға жіберді. Жиын соңында облыс әкімі барлық мәселелерді назарда ұстайтынын айтты.

 

Байболат Култанов