Денсаулық сақтау

№1 емханадағы жағдай өзгерді ме?

Өткен аптада облыс әкімі Айдарбек Сапаров 1-ші қалалық емханаға күтпеген жерден барып, директорына қатаң сөгіс жариялаған болатын. Аймақ басшысы мекеме басшылығына мәселелерді дереу түзетуді тапсырды. Емхананың ішінен бұрын сырты жөндеу жұмыстарын қажет еткен.
Николай Новиков жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Далаға дейін созылған ұзын-сонар кезек, дәрігерге жазылу тағы бар. Бұл мәселені шешу үшін тіркеу бөлімінде қосымша терезе ашылды, сонымен қатар, мамандарға алдын ала жазылу мүмкіндігі пайда болды.

НИКОЛАЙ НОВИКОВ, №1 қалалық емхананың директоры:

– Функционалдық диагностика кабинетінің алдында да кезек болатын. Мәселені шешу мақсатында қосымша ЭКГ аппараттарын қойдық. Ол арқылы холтер-смад, ЭКГ талдамалары өткізіледі. Қазіргі таңда талдама жүргізуге бірнеше апта бұрын жазылып қоюға болады.

Тағы бір мәселе – қан тапсыру процедурасы. Бұрын емханада қан 2 кабинетте ғана алынған. Оның өзі 2 сағат қана жұмыс істейді. Содан ұзын-сонар кезең туындайды. Жуырда мұнда қан алатын 3-ші кабинет ашылды.

– Олқылықтардың түзетіліп жатқаны қуантарлық жайт. Себебі, медицина әр тұрғынға қолжетімді болуы тиіс. Байқасам, бұрынғыдай кезек те жоқ. Бәрі тез-тез қабылдап, өтіп жатыр.
– Зейнеткерлерге ұзын-сонар кезекте отыру қиын. Қазір жас мамандар өздері келіп, халымызды сұрап, қажет нәрсенің бәрін істеп жатыр.

Қазіргі таңда емханада жүзден астам дәрігер еңбек етеді. Бірақ, әлі терапевт мен педиатр, эндокринолог және гастроэнтеролог мамандары жетіспейді.

 

Акжунис Мухатай