Үйдегі айғай-шу, ауладағы музыка, қоғамдық жерде ішімдік ішіп, кейін жаға жыртысу – Петропавлда қыста да, жазда да көршілерінің тиышын алатындар көп. 102 нөміріне Қазақстан Конституциясы көшесінде тұратын тұрғындардан шақырту жиі түседі екен.
Полиция басқармасының қызметкерлері түн сайын осындай бірнеше шақыртуға барып, мән-жайды біледі. Қалада шілденің 12 күнінде түн тыныштығын бұзудың 250-ден астам фактісі тіркеліпті, ал облыста жыл басынан бері мұндай 1300-ден астам жайт есепке алынған. Тұрғындардың мазасын алған адам 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді дейді тәртіп сақшылары.