Ауыл шаруашылығы

Отандық фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленген

Отандық фермерлер тарапынан субсидия алу үшін бейінді министрлікке 100 мыңнан астам өтінім түскен. Қазір жауапты басқармаларда 37 236 адамның сұрауы қарастырылып жатыр. Ал 22 мың азаматтың өтініші мақұлданбаған. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, «күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 32 146 өтінім тұр. Оларды жүйе толығымен өңдейді. Кейін қаржы қазынашылық жүйесі арқылы кәсіпкерге жетеді. Бүгінде фермерлерге шамамен 69,4 млрд теңге төленген. Бұл сомадан басқа диқандар алдында 28,4 млрд теңгеге субсидиялар бойынша былтырғы жылдың борышы өтелді. Жалпы, осылардың барлығын қоса алғанда фермерлерге 133,6 млрд теңге субсидия төленген.

 

Байболат Култанов