Синтетикалық есірктіге қатысты тағы бір жайт. 27 жастағы петропавлдықтан 250 грамм «синтетика» тәркіленді. Ол бұған дейін есірткі сататын интернет-дүкенге “жұмысқа” орналасып алған. Тінту кезінде табылған 2 полимер пакеттен мефедрон мен “жылдамдық” деп аталатын наша шықты. Бұл факті ҚР ҚК 297-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жігіт 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.