Құқық қорғау органдары

Жүргізуші жолда ұйықтап кетпесі үшін не істеу қажет?

Тәртіп сақшылары жолда көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге пайдалы кеңестерін айтты. Жолға шыққан адам шаршаған жағдайда арасында кемінде 15-20 минут демалуы қажет. Тыныққан адам сергек болады.
Тағы бір ескеретін маңызды жайт, жүргізушінің дәл қасында отырған жолаушы қалғып отырмауы қажет. Бұл рөлдегі адамның өзін ұйқыға тартады. Салдарынан жол-көлік апаты туындауы мүмкін. Тәртіп сақшылар мен дәрігерлер көлік жүргізушілері арасында арнайы профилактикалық шара ұйымдастырды.

ДАНИЯР СӘРСЕКЕЕВ, СҚО ПД ППБ аға инспекторы:

– Құрметті жол қозғалысының қатысушылары, жолдардағы қауіпсіздік мәселесін тек бірлесіп шешуге болады. Жол ережесіне салғырттықпен қарау қайғылы жайтқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Сіздерді жолда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамын.

Жыл басынан бері облыста 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 17 адам қаза тауып, 179 адам жарақат алған.

 

Гульден Симбаева