Құқық қорғау органдары

Қызметтік иттердің көмегімен 165 қылмыстың беті ашылды

Биыл облыста қызметтік иттердің көмегімен 165 қылмыс әшкереленді. Оның 8-і есірткіге қатысты. Иісшіл жануарлар соңғы жылдары нашамен күресте белсенді пайдаланылуда. Биыл төртаяқтылар 700 грамнан астам есірткі тапқан, 72 ұрлықтың бетін ашуға көмектескен. Жалпы, полиция қатарында 50-ге жуық қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 24-і кинологиялық орталықта күтіліп-бапталады.

 

Гульден Симбаева