Қоғам

Араққұмар жандар мәжбүрлі емдеуге жіберілуде

Тәртіп сақшылары ішімдікпен де, ішімдік ішкіштермен де күресіп әлек.
Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан бақандай 5 мың литрге жуық алкоголь тәркіленіп алыныпты. Бұндай шаралар криминогендік ахуалдың жақсаруына ықпал етеді. Ішіп алып, қылмыс жасаудың 280-нен астам фактісі тіркелді. Көп жағдайда
мас адамдар үйде біреуге қол көтеріп, денесін жарақаттаған. Ішімдіктен құтылғысы жоқ жандарды мамандар мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіп, құтқаруға тырысып-ақ жатыр.
Әдетте бұл маскүнем адамның жақындарының өтініш беруімен жүзеге асырылады.
Науқас тиісті емдеу курсынан өткен соң да жіті назарда болады. Биыл облыста учаскелік инспекторлар наркологиялық мекемеге ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге 132 адамды жіберген.