Қоғам

Алдағы 7 жылда елімізде 3,3 млн қазақстандық жұмыспен қамтылады

Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын жүзеге асыру мәселесі қаралды. Онда Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 7 жылда 3,3 млн қазақстандықты, оның ішінде 2,3 млн-нан астам жас жұмыспен қамтылады деді. Әр өңірде 900 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуды көздейтін карта бекітілді. Қазірдің өзінде 441 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек тапты, бұл жоспардың 47 пайызын құрайды. Яғни, олардың арасында жастардың үлесі шамамен 50 пайызды құрап отыр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларының келесі бағыты – мемлекеттік гранттар беру. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5316 азамат мемлекеттік грантпен қамтамасыз етілді, оның 40%-ы – жастар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жастарға жылына 2,5%-дық мөлшерлемемен шағын несие беруді жүзеге асырып келеміз. Биыл республикалық бюджетте 6 мыңға жуық жас кәсіпкерді қолдауға 29 млрд теңге қарастырылған.

 

Гульден Симбаева