74 мыңға жуық петропавлдық мүлік салығын төлеуі керек. Бұл азаматтық міндет қазанның 1-іне дейін орындалуы тиіс. Қазір табан тоздырудың қажеті жоқ. Әр адам өз “қарызын” қашықтықтан көріп, төлей алады. Жақында банктік қосымшаларда белгіленген сомамен танысу және оны аудару мүмкіндігі пайда болмақ.
ДАМИР БАЙСАЛБАЕВ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
– Есептелген салық сомалары туралы мәліметтеді е-Salyq Azamat қосымшасы арқылы алуға болады. Жақын арада салық сомалары туралы ақпарат банктердің мобильдік қосымшасы арқылы да жіберілетін болады.
Алайда, кейбірі бұған мән бермеуі немесе түсінбеуі мүмкін. Мұндай сәтте дәстүрлі әдіске көшу керек. Яғни, салық органынан хабарлама түссе, мемлекеттік кірістер басқарамасына жүгінген абзал. Бұл жердегі қызметкерлер жеке тұлғаларды қарсы алып, қызмет ұсынуға әрдайым әзір.
ДАМИР БАЙСАЛБАЕВ, қалалық мемлекеттік кірісітер басқармасының бас маманы:
– Салық төлеушілер – жеке меншігінде саяжай, пәтер, учаскелері бар адамдар. 30 күннен кейін салық бұйрығы шығарылады. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап материал 5 күннің ішінде мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жіберіледі.
Демек, арнайы мамандар салықты өндіріп алу ісімен айналысады. Бұл уақытта жеке тұлғаның есепшоты бұғатталады.
Гульден Симбаева