Құқық қорғау органдары

Есірткі жасырумен айналысқан 20 жастағы жігіт 10 жылға сотталды

Тепсе темір үзер жігіт енді 10 жылын темір торда өткізеді. Петропавлда есірткі жасырумен айналысқан 20 жастағы қала тұрғыны сотталды. Ол былтыр 5,27 грамм болатын “Тұз” атты психотроптық затты 13 түйіншекке орап, әр жерге тығып кеткен. Пысықай жасырынған орындардың суретін интернет-дүкеннің кураторына жіберіп отырыпты. Заңсыз жолмен пайдаға кенелмек болған теріскейлік қырағы саяжайшының көмегімен қолға түсті. Оның күмәнді ісін жазғы үйлердің аумағында жүрген тұрғын байқап, қасына жақындаған. Бөгде адамның таяғанын сезген жігіт қаша жөнеліпті. Алайда, хабар алған полицейлер оны ұзатпай құрықтаған. Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 100-ден астам есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Заңсыз айналымнан 685 келі түрлі есірткі тәркіленді.

 

Гульден Симбаева