Құқық қорғау органдары

CҚО-да биыл жол-көлік апатынан 17 адам қаза тапты

Облыста жыл басынан бері 127 жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам қаза тапты. соның екеуі – бала. 180-ге жуық адам жарақат алған.
Жол апаттарының себебі көп жағдайда – жүргізушінің мас болуы.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Ағымдағы жылдың басынан бастап мас жүргізушілердің кінәсімен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, 15-і жарақат алды. Сонымен бірге, соңғы 6 айдың ішінде көлікті алкоголь немесе есірткі тұтынып, масаң күйде басқарғаны үшін 527 жүргізуші ұсталды.

Қайғылы жайттың алдын алу үшін тәртіп сақшылары рейдтік іс-шара жүргізуді қолға алды. Акция барысында соңғы 3 күнде осындай күйдегі 7 адам ұсталған.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Бұл жағдайда жаза 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу болып табылады.

Жыл басынан бері қолға түскен 527 мас жүргізушінің 150-ден астамы – облыс орталығында, қалғаны аудандар мен қала сыртында құрықталған.

 

Акжунис Мухатай