Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. 33 жастағы жігіт адам соққаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам сәуір айында
көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра әрі мас күйде рөлге қайта отырған.
Салдарынан ауылда жылдамдықты сағатына 30 км-ден асырмау қажет деген тұста айдап келіп әйелді соққан. 50 жастағы нәзікжанды сол жерде көз жұмды. Бұл факті ҚР ҚК 346-шы бабының 5-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жалпы, жыл басынан бері облыста мас адамның кесірінен
9 жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тауып, 10-ы жарақат алды.
Гульден Симбаева