28 жастағы нәзікжанды микроқаржы ұйымында оның атына біреудің қарыз алғанын телефонына түскен хабарламадан білген. Бөгде біреу 100 мың теңгеден 2 несие рәсімдепті. Алданған қыз полицияға жүгінеді. Анықтай келе қыздың өз телефонын уақытша құрбысына бергені белгілі болды. Онда жеке куәлігінің фотосы болған екен. Күдікті ретінде құрбысының 26 жастағы күйеуі ұсталды. Ол келтірілген шығынды толығымен өтеген. Аталған факті ҚР ҚК 10-шы бабының 3-ші бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 350-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 35-і осылай біреудің атына несие рәсімдеуге қатысты. Барлық жағдайда күдіктілер алданған жандардың телефондарына кіріп, жеке деректерін пайдаланған.