Мәдениет

Астана күні орталық алаңда да тойланды

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Дойбы, қазақтың ұлттық ойыны – асық және концерттік бағдарлама. Орталық алаңда Астана күні аталып өтуде. Күннің ыстығына қарамастан алаңға жиналған жұрттың қарасы қалың.

Астана күні жылдағыдай дүркіретіп тойлануда. Орталық алаңда тамашалар қызық көп. Мерекеге өзге өңірдің тұрғындары да келген. Ұйымдастырылған спорттық шараға қатысуда. Серік Есмағамбетов Астанадан келіпті. Қария асық ойнап, жастық кезімді еске алдым дейді. 30-дан астам асығы бар екен.

СЕРІК ЕСМАҒАМБЕТОВ:

– Асық – баяғы ежелден келе жатқан ойын. Баяғы кезде ойнайтынмын. Қазір 79-дамын, асық ойнамағалы біраз болды. 30-50 жылдан асты. Қызығып кетіп ойнап көруді шештім. Астанадан келдім.

Балаларға да арналып іс-шаралар ұйымдастырылған. Алаңның бір бөлігінде ұл-қыздар сурет салып, дартс ойнап, пазл құруда.

– Мен бәйтерек, күнің нұры мен ту салып жатырмын. Қазір киіз үй саламын.
– Тұшпара тағамы бейнеленген пазл құрастырудамын. Өте оңай. Бұл ойын мидың жақсы жұмыс істеуіне септеседі.

Алаңдағы ең көзге түсетіні – киіз үйлер. Онда суретшілер қолға сурет салып, сувенир сатуда. Бұдан бөлек ойындар да бар. Ол ойын-сауыққа бізде белсене қатысып көрдік.

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Ал мына киіз үйдің ішінде тұрғындарға арналып түрлі ойындар ұйымдастырылған. Қазір әріптесім екеуіміз Қазақстан бойынша бродилка ойынын ойнап көрмекшіміз. Яғни, кубиктарды лақтырып, мына фигуралармен жүреміз.

Балалар осылай елдегі қалалардың нақты орналасқан жерін есіне сақтап алады.

Орталық алаңда көңілді әндер шырқалып, нағыз мерекелік атмосфера сезіледі. Сауық-сайранға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін келген. Тұрғындар өздерінің ыстық лебіздерімен бөлісті.

– Орталық алаңда керемет концерт өтіп жатыр. Ең бастысы, бізге ұнап жатыр.
– Барлықтарыңызды келіп жеткен мерекемен құттықтаймын. Еліміз көркейіп, жайнай берсін.
– Астана күні құтты болсын. Бүгінгі шара керемет өтуде. Осындай концерттер жиі болып тұрса нұр үстіне нұр.

 

Гульден Симбаева