Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігі

СҚО әкімі бас дәрігерлермен жедел кеңес өткізді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жиын барысында тиісті басқарма басшылары баяндама жасады. Аймақ басшысы халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға баса назар аударды. Әлеуметтік желілерде тұрғындар емханалардың жұмысына жиі шағымданады. №1емхананы аралау кезінде тұрғындар облыс әкіміне медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдарын айтты. Айдарбек Сапаров тар бейінді мамандарды тарту, кезекті азайту, дерттерді дер кезінде анықтау және денсаулық сақтау нысандарына келушілерге барлық жағдай жасау бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімі:

– Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың директорлары мүмкіндігінше тезірек – 20-шы шілдеге дейін емханалардағы кезек мәселесін шешу, науқастарды қабылдау жағдайын жақсарту шараларын қабылдаулары қажет. Қадрлардың бір-бірін алмастыруы, басқа емханалардан тар шеңберлі мамандарды тарту мәселесін дереу қарастырыңыздар. Тұрғындар апталап, айлап күтпеуі қажет.

 

Самал Жунусова