Экология

Шілде айында ауа райы қандай болады?

Шілде айы жоғары температурамен басталды. Бірінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы 33 градусқа дейін жоғарылайды. Кейін 27 градусқа дейін біртіндеп төмендейді дейді мамандар.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 28-33 градус жылы күтіледі. Кейін ауа температурасы түнде 10-15 градус жылыға, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылыға дейін төмендеуі болжанады. Онкүндіктің соңында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Жалпы, бұл жолы шілде айы құбылмалы болмақ. Бір айда түсетін жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде. Өткінші жаңбыр, найзағай мен жел осы айдың ішінде жиі қайталанады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 8-13 градус жылыға дейін, күндіз 19-24 градус жылыдан 25-30 градус жылыға дейін ауытқиды.

Шіліңгір шілде теріскейліктерге аса қолайсыздық тудырмайды. Жағажайға барып, суға түсуге керемет мүмкіндік.

 

Акжунис Мухатай