Петропавлда велосипед ұрлаумен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол подъезге тұрғындармен бірге кіріп отырған. Ұрлаған велосипедтерді арзанға сатқан. Осындай жолмен қолды болған 3 көлік табылды. Ер адам ұсталып, ҚР ҚК 188-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығы шектелді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға жеке мүлікке мұқият болып, күмәнді дүниені сатып алмауға кеңес береді.
Аснурия Абдула