Қоғам

Қала күні қалай тойланады?

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:

– 9 шілде петропавлдықтар үшін ерекше күн. Бұл күні олар қала күнін атап өтеді. Жыл сайын мерекеде қызыққа толы бағдарлама ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2023 жылдың 9 шілдесі несімен есте қалады?

ЕРЖАН ҚҰЛЫМБЕТОВ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– 9 шілде күні орталық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарламамызды көрсетеміз. Балаларға арналған ұлттық ойындар көрсетеміз, аниматорлар, қалалық кітапханада интерактивті ойындар болады. Орталық алаңдағы сахнада қалалық мәдениет үйінің әртістері концерт қояды. Астана қаласынан арнайы шақыртылған зейнет жастағы модельдер келеді. Олар елімізді халықаралық аренада көрсетіп жүр.

Сән көрсетілімі «Арман қалам» деп аталады. Сән көрсетіліміне қатысушылар ұлттық стильдегі киім үлгілерімен елімізді шетелге танытып келеді. Шара қалада орталық алаңда өтеді. Дәл осы жерде тұрғындар арасында викторина ұйымдастырылмақ. Сұрақтар Петропавлға қатысты болады. Айта кетсек, ауқымды бағдарлама шаһардың басқа аудандарында да ұйымдастырылады.

ЕРЖАН ҚҰЛЫМБЕТОВ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Сағат 10-нан бастап «Динамо» стадионында стритболдан ерлер мен әйелдер арасында сайыс өтеді. Сағат 12-де футболдан жарыс болады. Петрое көлінде сағат 16.00-де жастарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. «Шоу красок» болады, шақыртылған диджейлер мен бишілер келеді. Қалалық мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетеді.

Жалпы, мерекелік шара басты және орталық алаңдармен қатар, «Солтүстік жұлдызы» мен «Жеңіс» саябағы, «Динамо» стадионы мен облыстық кітапханада өтеді. Соңғы аталған жерде интерактивті кітап көрмесі ұйымдастырылады.

 

Самал Жунусова