Қоғам

Жамбыл ауданы әкімінің тағайындалуы туралы кеңейтілген репортаж

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Пресновка ауылында 8-ші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5-ші сессиясына қатысты. Жиын барысында Жамбыл ауданының жаңа әкімі сайланды. Бұл лауазымға бұрын Есіл ауданын басқарған әкім Медет Оспанов тағайындалды. 1985 жылы туған СҚО тумасының 2 жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған ол 2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеуде.

– Кто за принятие данного решения прошу голосовать. Кто «за»? «Против»? «Воздержался»? Принимается.

Шешім бірауыздан қабылданды. Бұдан соң аймақ басшысы аудан активімен кездесу өткізді. Отырыс барысында Айдарбек Сапаров жаңа әкімге ауданды дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Үлкен жұмыс атқарылды. 5 айдың қорытындысы бойынша белгілі бір көрсеткіштер бар, бірақ ауданда шешілуі қажет проблемалық мәселелер де бар. Біріншіден, бұл бюджет, меншікті кіріс. Негізінде, бұл аймақта олар ұлғайтылды, бірақ одан әрі қажетті мақсаттарға жұмсау үшін әлі де көбейту керек. Біз инвестициялармен көбірек айналысуымыз керек, инвесторларды тарту керек. Аграрлық сектор өсімдік шаруашылығында жақсы дамуда, мал шаруашылығында мүлдем жұмыс жоқ. 60% – дан астамы мал шаруашылығын дамытумен айналыспайды. Сондай-ақ, мен Петропавлдан сүтті алудың жүрмеңіз, бұл жұмысты осында жүзеге асырыңдар деп айтқан болатынмын.

Президент мал шаруашылығын дамытуды тапсырған болатын. Себебі, елдегі өнімдердің, әсіресе сүт өнімдерінің импортын қысқарту қажет екенін атап өткен. Мұны аймақ басшысы Айдарбек Сапаров баса айтты. Сондай-ақ, жол сапасы мәселесін шешуді жалғастыру қажеттігі де аталып өтті. Жаңадан сайланған аудан әкімі барлық жоспарланған істі орындауға уәде берді.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– Өз атымнан ауданымыздың депутаттарымен, округ әкімдері, бөлім басшыларымен, бизнес өкілдерімен бірлесіп Жамбыл ауданының дамуына ары қарай жақсы нәтижелерге жету бойынша жұмыс жасауға сенім білдіремін.

Кездесу барысында ауданның бұрынғы әкімі Марат Ескендіров те сөз алып, Медет Оспановқа сәттілік тіледі. Айта кетейік, Ескендіров Жамбыл ауданы әкімінің қызметінде 2020 жылдың наурыз айынан бастап болған.

 

Аснурия Абдула