Құқық қорғау органдары

Ресейде іздеуде жүрген 2 ер адам Петропавлда ұсталды

Ресейде қылмыс жасап, Қазақстанда жасырынып жүрген екеу ұсталды. Оның біреуі – өзбекстандық. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екіншісі – алаяқ. Оған қатысты сот үкімі шығуы тиіс. Сондай-ақ, Ресейдің өзінде 50-60 жас шамасындағы 2 солтүстікқазақстандық құрықталды. Санкт-Петербург қаласында қолға түскен екеу адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіріп, ұрлық жасаған. Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері қылмыс жасады деген күдікпен 20 адамды анықтады.

 

Гульден Симбаева