Петропавлда велоспорттан ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Жарыс шілденің 9-ына дейін жалғасады. Барлығы – еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық велошабандоз келіп отыр. Жасөспірімдер бірнеше кезең бойынша сынға түседі. Жарыс 10-20 шақырымнан болатын жеке жарыстан бастау алады.
БЕЙБІТ ЫСҚАҚОВ, чемпионаттың бас төрешісі:
– Чемпионат 4 кезең бойынша өтеді. Олар: жекелей, командалық, топтық және ұпай сайысы. Ересектер жекелей сында – 20, кішілері 10 шақырымға жарысады. Келесі жылы ұлттық құрамаға ауысамын деген ұл-қыздар осы нәтижелеріне қарай таңдалады.
Біздің облыстың намысын 10-ға жуық велошабандоз қорғайды. Солардың бірі – Иван Джимма. Ол велоспортпен айналысуды 10 жасынан бастаған. Бүгінгі чемпионатқа біраз дайындалған. Жеңіске жететініне сенімді.
ИВАН ДЖИММА, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
– Осы спорт түрімен 3 жылдың көлемінде айналысамын. Жақында Қарағанды облысында өткен жарысқа барып келдім. Онда жеке жарыста 1-ші орын иелендім. Бүгінгі чемпионатта да жеңіске жетемін деп ойлаймын.
Чемпионаттың қорытындысы шілденің 9-ында белгілі болады.