Құқық қорғау органдары

Облыста жыл басынан бері 800-ден астам тұрмыстық бұзушылық тіркелді

– А сейчас достаточно веских оснований полагать, что совершено бытовое насилие, и тогда будет собран административный материал, независимо от вашего волеизъявления, и семейный дебошир, т.е. правонарушитель, будет привлечён к строгой административной ответственности. 

Петропавлда Париж коммунасы деген көше бар. Сондағы бір үйге тәртіп сақшылары биыл 3 рет барыпты. Үйдің отағасы үнемі жанжал шығарып, зайыбына қол көтереді екен. Соның өзінде 33 жастағы қала тұрғыны арыз жазудан бас тартқан. Себебі, отбасын сақтап қалғысы келген. Айта кетерлік жайт, шілденің 1-інен бастап ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіндегі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгерістер күшіне енді. Жанжалдасқан ерлі-зайыптылар бұдан былай сотта жылына бір-ақ рет татуласа алады.

ЖАҚСЫЛЫҚ ИСМАҚОВ, қалалық ПБ бірінші полиция бөлімі ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Бұрын арыз жазылған жағдайда біз әкімшілік хаттама толтыратынбыз. Алайда, тараптардың татуласуына не болмаса жәбірленушінің өз жауаптарын ауыстыруына байланысты олардың жартысына жуығы сотта тоқтатылады. Ал қазіргі уақытта арыз қажет емес, бейнежазбалар мен көршілердің айғақтары жеткілікті. Полиция учаскелік инспекторы әкімшілік материал жинайды, баянатпен тіркеп, кейін сотқа жібереді.

Жыл басынан бері өңірде 800-ден астам тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 100-ге жуық айыпты адам ескерту алса, 200-ден астамы әкімшілік қамауға алынып, 17-сіне айыппұл салынды.

 

Гульден Симбаева