Қоғам

30 жастағы ер адам өлім аузынан қалды

30 жастағы ер адам өлім аузынан қалды. Явленка ауылының тұрғыны достарымен Үлкен Тораңғұл көліне демалуға барған. Ішімдікке тойып алған ер адам салқындап алу үшін суға түседі. Бір сәтте көзден таса болып кеткендіктен достары артынан суға кіріп іздей бастайды. Абырой болғанда дер кезінде құтқарылды. Денсаулығына ешқандай зардап келмеген екен. Осы орайда құтқарушылар су қателікті кешірмейтінін тағы бір мәрте еске салады. Мас күйде суға түсу – орны толмас қателік.

 

Акжунис Мухатай