Қазақстан жаңалықтары

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Қазақстанда 1 шілдеден бастап мансап орталықтары болып қайта құрылды

ҚР Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда облыс орталықтары мен мегаполистерде 20 еңбек ұтқырлығы орталығы құрылды, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансаптық орталықтарға айналды.

“Еңбек ұтқырлығы орталығы-бұл облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың еңбек нарығын үйлестіретін және басқа өңірлермен өзара іс-қимыл жасайтын ұйым. Аудандық деңгейде таратылатын жұмыспен қамту орталықтарының функцияларын жүзеге асыратын болады”, – деді Еңбек министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры.