Қоғам

Елдегі автобустардың жартысына жуығы тозған

Елдегі 10 мың автобустың 46%-ы тозған. Көш басында Қостанай облысы тұр.
Содан кейін – Солтүстік Қазақстан облысы, сосын Жетісуда ескірген автобус көп екен. Бұл қоғамдық көлікпен күнделікті 9,3 млн-ға жуық адам қатынайды. Жуырда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиемен автобус алу шарттарын жіпке тізді. Бұл туралы LS агенттігі жазды. Жоба бойынша қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін. Лизинг бойынша бастапқы жарна – 15, ал пайыздық мөлшерлеме 7% құрайды. Қазір “Жасыл даму” желісі бойынша револьверлік-қайтарымды қаражатты бағыттау тетігі қаралуда. Бұл арқылы тозығы жеткен, пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан қоғамдық көліктер ауыстырылады. Бірінші кезекте тиісті жұмыс тозу көрсеткіші жоғары өңірлерде жүргізіледі.

 

Алдияр Айтпаев