Мәдениет

“Әр үйде домбыра ілініп тұруы керек!” – петропавлдық полицей өзінің сүйікті аспабы туралы

Шырғалаңы көп полиция қызметінде әр нәрсеге уақыт табу оңай емес. Дегенмен, барлығы ниетке байланысты. Полиция старшинасы Раушан Баймұқанованың ісі осы сөзге айғақ болады. Бұл қызметте 18 жылдық еңбек өтілі бар нәзікжанды домбыраны 6-шы сыныптан бері жанына серік етіпті. Бала кезінен әкесімен бірге теледидардан айтыс пен терме тыңдап, халық музыкасына әуес болған екен. Ұлттық аспаптың қадірін жете түсінетін Раушан: “Домбыра әр үйде ілініп тұруы керек”,- дейді.

 

Акжунис Мухатай