Қоғам

Алимент төлеуден жалтарып жүргендер анықталды

Төрт бірдей баласын тастап кеткен әйел Ақмола облысынан табылды. Солтүстікқазақстандық келіншек балаларына 2020 жылдан бері алимент төлемеген. Оның қарызы бары әкімшілік құқықбұзушылық жасап ұсталғанында белгілі болды. Әйел адам өзінің іздеуде жүргенінен бейхабар болыпты. Бұл факті маусым айының соңында өткізілген жедел-алдын алу шарасы барысында анықталды. Жалпы, іс-шара барысында тәртіп сақшыларының қолында іздестіруге қатысты 66 адамның ісі болған, оның 59-ына мемлекетаралық іздеу жарияланды. 2 күн ішінде 15 адам, оның ішінде айыппұл төлемеген немесе сот шешімін орындамаған 12 борышкер, алимент төлемейтін 2 адам, туыстық байланысын жоғалтқан 1 адам анықталыпты.

 

Акжунис Мухатай