Шетелдік есепте тұрған “ВАЗ” маркалы көліктің жүргізушісі жол жүру ережесін бір айда 5 рет бұзған. Бұл факті “интеллектуалды” бейнекамералардың көмегімен анықталды. Темір тұлпар туралы деректер “Анықталмаған жүргізуші” базасына енгізілді. Іздестіру тобы “Мегакам.Қорғау” жүйесін пайдаланып, көліктің қайда екенін анықтады. Нәтижесінде ер адам жылдамдықты асырып, сақтандыру полисінсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста “ақылды” технологияның көмегімен жол жүру ережесін бұзған 100-ден астам жүргізуші ұсталды.
Самал Жунусова