Спорт

Қалада спорт және денсаулық фестивалі өтті

Петропавлдағы «Динамо» стадионында турникке тартылудан спорттық фестиваль өтті. Сайысқа қатысушылар 4 жас шамасы бойынша сынға түсті. Барлық категория бойынша 63 жастағы Александр Наумов рекорд жасады.
Алпыстың асқарына шыққан жерлесіміз турникке 49 рет тартылған. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, 20 мың, 30 мың және 50 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттарға ие болды.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:

– Сайысқа 60-тан астам адам қатысты. Біздің фестивальді ұйымдастырудағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау. Дені саудың – жаны сау.

 

Аснурия Абдула