Жол қателікті кешірмейді. Соңғы үш жылда елде жол-көлік оқиғасы 9%-ға көбейген. Айтып келмейтін апаттарда 6,5 мың адам ажал құшты. 55 мыңы түрлі дене жарақатын алды. Алқа отырысында ел Президенті бұл еліміз үшін үлкен қасірет деді. Жағдайды жақсарту үшін жүйелі шаралар қолдану қажет. Біріншіден барлық жандарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыру керек. Биылдың өзінде жаяу жүргіншілердің салғырттығынан 164 оқиға орын алды. 24 адам қаза тапты. 142-сі жарақат алды. Көңілге кірбің түсіретін статистика жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейі тиісті талапқа сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Бұл жол инфрақұрылымына да, осы қауіпсіздікке жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға да қатысты.
Алдияр Айтпаев