Заңнамаға енгізілген түзетулер азаматтар мен бизнестің мүдделерін ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың кешенді және тиімді жүйесін құруға бағытталатын болады. Негізгі инновациялар тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтын енгізуге және тұтынушылардың шағымдарын қараудың екі сатылы рәсіміне көшуге қатысты болады. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға ынталандыру үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік енгізілетін болады.
Азаматтардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуге қанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай 80% – ға жетеді деп күтілуде.